Қазақстанда Президент сайлауы әділ өтті - Борис Жапаров

22.11.2022 02:43
Almaty.tv

Қазақстанда  Президент сайлауы әділ өтті. Сайлауға бағасын берген Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров ел, халық, ұлт болып, бірігіп Президентті қолдап, мақсатқа жетуге ұмтылатынына сенеді.

«Қазақстанда  Президент сайлауы әділ өтті. Таза жеңіспен 82,5 пайызбен Қасым-Жомарт Тоқаев 7 жылға еліміздің Президенті болып сайланды. Түбегейлі реформа жасау, ол – саяси, құқықтық, сот жүйесі, экономикалық мәселелер, сыбайлас-жемқорлықты жеңудегі мақсат, бәрі – бір күнде жасалатын мәселе емес. Соңғы отыз жылда қордаланып қалған мәселелерді жедел, бірінен соң бірін шешіп, елімізді дамыту, жасампаздық жолына көшіру – мақсаты.  Сондықтан оңай болады деп ойламаймыз. Бірақ ел, халық, ұлт болып, бірігіп Президентті қолдап, сол мақсатқа жетуге ұмтылады деп сенем», – деді  Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров.

Теги: сайлау