Өз уақытында өтіп жатқан сайлау – Асанәлі Әшімов

06.10.2022 03:37
Ruh.kz

20 қарашада өтетін Кезектен тыс президент сайлауы зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатыр. Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов сайлаудан кейін жалпы халықтың әл-ауқаты жақсаратынына сенеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы болады. Өз уақытында өтіп жатқан сайлау деп есептеймін. Үкіметті бірыңғай тәртіпке келтіретін саяси науқан. Қолдаймын сайлауды. Сайлаудан кейін жалпы халықтың әл-ауқаты, халықтың мәдениеті, әдебиеті, ғылымына көп көңіл аударамыз деген уәделер бар, соған мен сенемін», – деді Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Теги: сайлау