Сайлау-2023: Алматыда наурыз көже мен бауырсақ таратылып жатыр

19.03.2023 15:41

19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

РСК

Оқушылар сарайында орналасқан №377 сайлау учаскесі сайлаушыларға наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татқызып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңызды науқаннан шет қалмай дауыс беруге келгендерді бұл учаске ерекше күтіп алуға кіріскен.

«Біздің сайлау учаскесі 2569 адамға шақыру қағазын берген болатын. Тұрғындар белсенді атсалысып жатыр. Көңіл-күйлері өте жақсы. Өз тарапымыздан барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Сайлаушыларды әуезді әнмен қарсы алып, көже мен бауырсақ ұсынудамыз», – дейді №377 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Мәлімова.

Оқи отырыңыз: Алматының АСК төрайымы Айгүл Қалықова: жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр