Дауыс беру күні сайлау комиссияларына артылған жүк ауқымы зор болды, бірнеше бюллетень, бір жағынан кандидаттар саны көп болды. Соған қарамай, сайлау комиссиясының өкілдері дауыс беру процесін кәсіби тұрғыда атқарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков осылай санайды.
«Дауыс беру процесінде негізгі жұмыс сайлау комиссияларына байланысты екені сөзсіз. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері барынша білікті және құзыретті болулары керек. Учаскелік комиссия мүшесінің әрқайсысы заңнаманы білуге қатысты кәсіби дайындықтан өтеді. Алматыда сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілік деңгейі айтарлықтай жоғары», - деп атап өтті спикер.
Әріптесінің пікірін Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Абдыхалықов да құптайды.
«Біздің өзіміз де сайлаушы ретінде дауысымызды бердік. Мен өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын іштен де бақылап көрдім. Менің сайлау учаскемде бәрі жүйелі түрде ұйымдастырылған. Сайлау комиссиясының мүшелері бюллетень бойынша да, тізім бойынша да жұмыстарын ойдағыдай атқарды. Сайлаушы ретінде маған барлық құқығымды түсіндірді»,- деп бөлісті ол.
Сонымен бірге, спикерлердің айтуынша, бақылаушылар ешқандай жүйелі заң бұзушылықтарды байқамаған. Алматыда сайлау барысы штаттық режимде өткен.