Дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді - ОСК

27.02.2023 20:00

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ жасалады

Фото: baq.kz

ҚР Парламент Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді. Бұрын А4 қағазы қолданылып келсе, енді А5 парақшасы қолданалады. Бұл туралы ОСК төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ жасалады. Мұнымен қоса, барлық кандидатқа қарсы дауыс беру үшін тағы бір тармағы қарастырылған. Қазір ел бойынша 12 миллионнан астам дауыс беруші тіркелген. Жалпы, қазақстандықтар 4 наурыздан бастап өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және дұрыстығын тексере алады.

«Сайлаушылар тізімі 2 күннің ішінде электронды түрде ОСК-ға ұсынылды. Әр сайлаушы жергілікті атқарушы органда дауыс беруші ретінде тіркелуге құқылы. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан астам болса, онда бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі», – деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.


Сондай-ақ Алматыда сайлау бюллетенінде партиялар қандай тәртіппен орналасатынын жазылды.