Аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдері қашан сайланады

06.10.2023 20:32

Ресми дерекке сүйенсек, тіркелгендердің 63 пайыздан астамы өзін-өзі ұсынған

Almaty.tv

5 қарашада аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтеді. Орталық сайлау комиссиясы «45 лауазымға 249 кандидат таласады» деп ақпар таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір орынға орта есеппен 9 үміткерден келеді. Қазір саяси науқан өтетін өңірлерді аралау басталды. Ресми дерекке сүйенсек, тіркелгендердің 63 пайыздан астамы өзін-өзі ұсынса, қалған 36 пайызы саяси партиялардың атынан бақ сынамақ.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті