Өнер адамдары сайлауға қатысты пікір білдірді

07.02.2023 в 21:08

«Парламенттің депутаттық корпусы ыстық-суыққа шыдайтын жаңа лектен, жалтақтамайтын адамдардан құрылса игі». Еліміздің өнер адамдары мен эстрада әншілері алдағы өтетін сайлауға қатысты пікір білдірді. Мәдениет қайраткерлері «халық сайлайтын ел қалаулылары – жеріміздің, тіліміз бен дініміздің қадір-қасиетін білетін азаматтар болады» деген үмітте.

«Үміткерле қай ауылда, қай ауданда не жетіспей жатыр, соны жасап, іспен көрсетсін, сосын сайлансын. Бұл – менің ойым. Халықтың атынан сөйлеу үшін халқын ерекше сүюі керек», – деді әнші, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова.  

Жаңа Қазақстанда бұрынғы кемшіліктер түзеліп, жақсы дүние жасаймыз деп уәде айтылып жатыр. Тоқтар Серіковтың айтуынша,  халықтың бұл сайлаудан күтері, сеніп отырған үміті зор.

«Олқы тұсын біртіндеп реттеу керек. Бір-ақ жылда бола салатын нәрсе емес, оған ел, жұрт, халық, болып, бәріміз жабылып кірісуіміз керек. Сонда ғана орнына келетін нәрсе. Сондықтан жалғыз ғана депутатқа үміт артпаймыз. Депуттат кім? Халықтың  жан айқайын жеткізетін  және оны заңдық тұрғыдан шешу жолын көрсететін жандар сайланады деп үміттеніп отырмыз», – деді әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков.