Бәсекеге толы сайлау өтті - Ермұхамет Ертісбаев

19.03.2023 23:33

Ермұхамет Ертісбаев № 137 сайлау учаскесінде дауыс берді

Almaty.tv

Ал Қазақстан халық партиясының төрағасы өзге саяси ұйымдардың ең соңында таңдауын жасады. Ермұхамет Ертісбаев № 137 сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол бүгінгі дода ел тәуелсіздігінің тарихындағы ең қызықты, мазмұнды және бәсекеге толы сайлау болғанын атап өтті. Айта кетейік, қоғамдық бірлестік атынан Мәжіліс депутаттығына 66, ал мәслихаттардағы мандат үшін 500-ге жуық үміткер ұсынылған.

«Сайлау кампаниясы жаңа Қазақстан құруға жасалған алғашқы және нақты қадам болды. Халықаралық және ішкі жағдайға қарамастан Парламенттік сайлау өтті. Бұл – халықтың жеңісі. Біз саяси сауатты мемлекетке айналдық. Әділ және жаңа Қазақстан құрамыз», – деді «Қазақстан халық партиясы» ҚБ төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.