Алматыда атақты байкер Дмитрий Петрухин дауыс берді

20.03.2023 00:29

Ол сайлау учаскесіне Қазақстанның көк туын желбіретіп, мотоциклмен келді

Almaty.tv

Қазақстандық саяхатшы Дмитрий Петрухин Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауысын беру үшін Алматыдағы сайлау учаскесіне Қазақстанның көк туын желбіретіп, мотоциклмен келді, деп хабарлайды Almaty.tv.


Әлемнің 170-тен астам мемлекетін шарлаған байкер әркімнің өз елінің болашағына үлес қосудың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Яғни, бұл дауыс беру. Содан кейін республиканың қай бағытта, қай жолмен жүретіні және халықтың не күтетіні анықталады.