Алматыда Аягүл Миразова таңдауын жасады

20.03.2023 01:05
Almaty.tv

«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Еліміздің келешегі – барлығымызға ортақ іс. Халқымыздың әл-ауқатының жақсы болуы – бәріміздің алға қойған мақсатымыз» - дейді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова. Ұлықты ұстаз сайлаудың нәтижесі көптің көңілінен шығатынына сенімді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«2022 жылы Мемлекет басшысы Жолдауында 10 бастаманы көтерген. Соның 3-бастамасында және 5-бастамасында сайлауға өзгеріс енетіндігі айтылған еді. Ал 4-бастамасында партиялық жүйедегі өзгеріс туралы айтылған. Барлығы бүгін іске асып отыр. Мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан, мен сәттілік тілеймін», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.