Алматыда Марат Тоқашбаев дауыс берді
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Халық қалаған тұлғаларын Парламенттің Мәжілісіне депутат ретінде өткізеді» Бұл – публицист Марат Тоқашбаевтың пікірі. Жазушы өз учаскесіне барып, дауыс берді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мәжілістегі сайлау депутаттардың саны – 98. Соның 69-ы партиялар бойынша таңдалса, қалған 29 орын бір мандатты округ бойынша, яғни мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша адамдарға өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл – Конституциялық тұрғыдан еліміздегі ілгері басқан қадам. Қазақстан бойынша 29 орынға 608 үміткер түсіп отыр. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей халық қалаған тұлғаларын Парламенттің Мәжілісіне депутат ретінде өткізеді. Осы арқылы әділ Қазақстан құруға жол ашамыз деп ойлаймын», – деді жазушы-публицист Марат Тоқашбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
08.09.2026 18:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
08.09.2026 21:55
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды
08.09.2026 09:34