|
24.12.2020 | 08:00
1411

Алматыда жастар «Ақ жол» партиясын қолдауға арналған флешмоб өткізді

Алматыда жастар «Ақ жол» партиясын қолдауға арналған флешмоб өткізді

Бүгін «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының белсенділері Mega Park сауда ойын-сауық орталығында флешмоб өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара барысында үміткерлер «Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясының қызметі туралы айтты, сондай-ақ сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Делегация мүшелері бұл челлендж  арқылы Алматы қаласы тұрғындарының назарын аударғысы келетінін және жалпы азаматтарды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырғысы келетінін атап өтті. Флешмоб кезінде «Ақ жол» партиясы филиалының жас белсенділері қала тұрғындарына үгіт материалдарын таратты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир