|
08.12.2020 | 15:49
3269

Мәжіліс депутаттарының сайлауын ЕҚЫҰ өкілдері бақылайды

Ол туралы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты

Мәжіліс депутаттарының сайлауын ЕҚЫҰ өкілдері бақылайды Almaty.tv

Мәжіліс депутаттарының сайлауын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері бақылайтын болады. Ол туралы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта 39 байқаушы тіркелген. Оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 29, ТМД миссиясы құрамында – 6 және Ислам ынтымақтастық ұйымынан 4 бақылаушы бар.  Аккредиттеуге ұсыныстардың түсуіне қарай байқаушылар бойынша ақпарат жаңартылып отырады.

«Сонымен бірге 11 бақылаушы 5 шет мемлекеттен аккредиттеуге ұсынылып отыр. Оның ішінде: Иорданиядан – 3, Қырғыз, Молдив, Молдова, Түрік Республикаларынан әрқайсысынан 2 бақылаушыдан», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир