|
10.01.2021 | 19:08
2254

280 мыңнан астам алматылық сайлауда дауыс берді: сайлау учаскелері тұрақты жұмыс істеуде

Бұл үшін жалпықалалық баспасөз-орталығы жұмыс істейді

280 мыңнан астам алматылық сайлауда дауыс берді: сайлау учаскелері тұрақты жұмыс істеуде стоп-кадр

 Өткен брифингте Алматы қаласы бойынша аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова сайлау учаскелерінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, 1 132 232 адамның 286 681-і дауыс берді. Барлығы Алматыда 581 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру оқыс оқиғасыз өтіп жатыр. Келіп түскен шағымдар мен сұрақтар жедел шешімін табуда. Сағат 12:00-ден кейін сайлау комиссиясының мүшелері үйден дауыс берушілердің мекен-жайына баруды ұйымдастырды. Кейбір сайлау учаскелері (аурухана, басқа да арнайы мекемелер) заңға сәйкес өз жұмыстарын аяқтады.  

Ж. Асанова сайлау учаскелерінен келіп түскен сауалдар мен шағымдарды түсіндіріп берді. Атап айтқанда, журналистердің Алматы қ.бойынша № 240, 252, 381, 582 учаскелердегі жүріп-тұруға байланысты сұрақтарына жауап берді.

«Біз аталған учаскелік комиссиясымен байланысқан едік. Одан бөлек, суреттерін де сұратып алдық. Қазіргі кезде аталған сайлау учаскесінде ҚЖАҚ, ТБРЖ, „Жастар үні“ және саяси партиялардың сенімді өкілдері сынды түрлі мекемелердің өкілдері жұмыс стеуде. Олармен байланысу нәтижесі бойынша, комиссияға ешкімнің шағым түсірмегені және жүріп-тұруда ешқандай кедергі болмағаны анықталды», — деді Ж.Асанова.

Одан бөлек, Ж. Асанова Алматы қ. №252 учаскеде egov жүйесіндегі электронды куәлігі арқылы дауыс беруге неге тыйым салынғанын ашып айтты. Оның айтуынша, заңда баса көрсетілгендей, дауыс беру үшін берілетін бюллетень сайлаушылар тізімінде көрсетілгендей жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде ғана жарамды. Құжат туралы заң бойынша, жеке басты куәландыратын құжат — ол белгіленген үлгідегі нақты материалдық объект.

«Сандық құжаттар тек сандық қызметтерді алған кездегі мемлекеттік қызметтің белгілі бір стандарттарында ғана пайдаланылады. Аталған процедура сайлау туралы заңда регламентке енбеген, сондықтан қағаз құжатты пайдаланамыз», — деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир