|
10.01.2021 | 20:45
2472

Біз қоғам ретінде жалған ақпаратпен күресу керекпіз — Қазыбек Шайх алматылықтарға үндеу жолдады

Қ. Шайх журналистерді дүрлікпе ақпараттың соңынан ермей, таралған ақпаратты нақты тексеруге шақырды

Біз қоғам ретінде жалған ақпаратпен күресу керекпіз — Қазыбек Шайх алматылықтарға үндеу жолдады стоп-кадр

«Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қазыбек Шайх Алматы қаласының жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы кезінде жалған ақпараттың таратылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қ. Шайх атап өткендей, парламенттік сайлау күні жалған ақпараттың таратуын күтуге болады.

«Бүгін бізде барлық жалған ақпарат тек сайлауға арналады. Бұл қалыпты процесс. Бұл жалған деп атауға болатын кез-келген ақпараттың диагнозы. Ол әрдайым ағымдағы оқиғаға байланысты. Бүгін, ертең, ертеңнің арғы күні сайлауға байланысты барлық жалған ақпарат таратылады», — деп ол сенімді түрде айтты.

Қ. Шайх журналистерді дүрлікпе ақпараттың соңынан ермей, таралған ақпаратты нақты тексеруге шақырды.

«Біз жалған ақпараттармен күресушілердің қауымдастығын құрдық. Жалған ақпарат – бұл бір жағы болса, сонымен бірге тролльдер де бар. Жалған ақпараттар адамдарды адастыру үшін ғана емес, сонымен бірге кішкентай, арам пиғылды троллинг арқылы адамның өмірін бұзу үшін де таралады. Бұл түбегейлі дұрыс емес және біз қоғам ретінде онымен күресуіміз керек», — деді Қ. Шайх.

«Сайлау учаскелерінің жұмысы нақты әрі тиянақты ұйымдастырылған. Санитарлық талаптарға сәйкес жағдай жасалынды. Қыс мезгіліне байланысты есіктердің ашылып-жабылуына байланысты суық болып тұр. Оны күрделі мәселе деп ойламаймыз»,– деді Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінен бақылаушылар штабының мүшесі Сәуле Нұрғалықова.

Ал бұған дейін елімізде Президент сайлауын бақылаған Қырғыз елінің байқаушысы бүгінгі мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына да атсалысып жатыр екен. Ол саяси науқанның олқылықтарсыз, тәртіп бұзушылықтарсыз, жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтады.

«Бақылаушылар ретінде барған сайлау учаскелерде ешқандай тәртіп бұзушылық байқаған жоқпыз. Жалпы сайлау тыныш өтіп жатыр. Сайлаушылар белсенділік танытуда. Сайлау учаскелерінде инклюзивтілік сақталған. Яғни барлық жерлерде пандус, шақырту батырмалары орнатылған. Демек мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бар жағдай жасалған»,– деді Қырғыз Республикасынан келген халықаралық бақылаушы Бермет Дюшенбиева

Жалпы Қырғызстаннан еліміздегі сайлауды бақылауға он төрт байқаушы келген болса, соның тек төртеуі Алматыдағы процесті қадағалап жатыр. Олар бірнеше сайлау учаскелеріндегі жағдаймен танысып, өздерінің жоғары бағасын берді. Әзірге айтарым осы Өмір, сөз кезегін өзіңе беремін.

Сая Меңдеке, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир