|
24.12.2020 | 08:00
1372

«Ауыл» ХДП партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында «Ұлы дала ойындары» өтті

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор

«Ауыл» ХДП партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында «Ұлы дала ойындары» өтті Almaty.tv

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында «Ұлы дала ойындары» өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның өтуіне ат салысқан «Nomad Stunts»каскадерлер бірлестігі ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды асқан шеберлікпен ұсына білді.

 Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор.

 Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі  мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады.  Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Атап айтанын болсақ «Қыз қуу», «Аударыспақ» және тағы басқа көптеген ойындарды көрсетіп, көрермендердің рухын бір көтеріп тастады. Қазақ халқы жылқыны ел қорғаны, ердің жан серігі деп қастерлеген. Ал шебер каскадер қыздар мен жігіттердің өздері ғана емес, мінген аттарын да асқан әсем жүріске баулығаны халықты таң қалдырғаны сөзсіз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир