|
09.01.2021 | 21:16
1030

Пандемияға қарамастан үгіт-насихат жұмыстары жақсы жүргізілді – сарапшылар

Осы жолғы мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімінде өткізіліп жатыр

Пандемияға қарамастан үгіт-насихат жұмыстары жақсы жүргізілді – сарапшылар

Сарапшылар әлемдік пандемияға қарамастан үгіт-насихат тиісті деңгейде жүргізілді дейді. Айта кету керек, осы жолғы мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімінде өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәдина Садықованың айтуынша, биылғы жылғы сайлауға дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Басты ерекшелігі – пандемияға қарамастан үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілді, ал халыққа кез – келген ақпарат қолжетімді болып отыр дейді. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың барлық саяси процессті бақылап отырғанын естен шығармау керек. Міндет – елдегі тұрақтылық пен құқықтық жүйенің беделін сақтап қалу керек деген пікірі айтты.

«Алматы қаласы бойынша сайлауға дайындық процессі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Себебі барлығы да өзінің жұмысын тыңғылықты орындауда. Бүгінде сайлау туралы білмейтін адам жоқ. Бұл да халықтың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды шара деп санаймын», –  деді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек заңнамасы бойынша сарапшысы Мәдина Садықова.

Сайлаудың әділ өтуі үшін биыл тұңғыш рет бақылаушылар мектебі ұйымдастырылды. Оларға Конституциялық заң, сайлау демократиясының принциптері, этика, нақтылық пен ашықтық негіздері бойынша сабақтар өткізілген.

«Биылғы сайлау белгіленген мерзімінде өткізіліп жатыр. Бұл басты ерекшелік деп ойлаймын. Сондай-ақ әлемдік пандемия кезеңіне келді. Сондықтан  орталық сайлау комиссиясы ғана емес әрбір азамат ертеңгі сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне жауапты. Маска тағып, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау керек екенін ұмытпайық», –  деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі Гүлнар Үсейінова.

Айта кетейік, орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы қызметі 10 телеарнада, 8 радиостанцияда, 22 интернет-ресурста және 19 баспа БАҚ-та жүргізілген.

Жанар Ғаниқызы, Сағынғали Мұңатпасов«Алматы»телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир