|
10.01.2021 | 21:58
3005

Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

Дауыс беру жәшігіне өз бюллетенін салған әнші мұндай саяси дода еліміздің дамуы үшін көптеп көмектесетінін айтты

Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді Almaty.tv

Саяси шараға барлық азамат қатысуы тиіс. Сайлау учаскесіне келіп, дауыс бере алмайтындарға комиссия ол адамның үйіне өздері барып жатыр. Тек ондай себепті алдын ала ескерту қажет. Ал, үйге дауыс беру жәшігін апаратындар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір біз үйде сырқаттанып қалған үйіне барамыз. Біз оған барған кезде дауыс беру жәшігін апарамыз. Ал ол адамдар өздерінің таңдауларын жасайды», – деді №254 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Сәуле Қаптағайқызы.

№ 254-ші сайлау учаскесінің комиссиялары мен тәртіп сақшылары композитор Ескендір Хасанғалиевтің үйіне барды. Дауыс беру жәшігіне өз бюллетенін салған әнші мұндай саяси дода еліміздің дамуы үшін көптеп көмектесетінін айтты. Сонымен қатар, дәл осындай кезде азаматтардың белсенділік танытуы маңызды дейді. 

«Бүгін бізде халқымыз үшін мейрам деп айтуға болады. Өйткені әр бір адам өздерінің ойын, өздерінің пікірлерін, болашағын осы сайлауда қатынасып айтады. Орындалуын тілейді, қалайды. Мен де соның бірімін. Қаншама сайлау өтті соның барлығында қатынасып жүрдік», –  деді  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Ескендір Хасанғалиев.

«Бүгін де өзіміздің таңдауымызды жасап, өзім жүрегімнен тілейтінім халқымыздың амандығы. Аспанымыз ашық болып, тек қуаныш болсын қазақ жерімізде», – деді Е.Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир