|
21.11.2022 | 11:24
2169

ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

Қазіргі уақытта ел өңірлері мен шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды

ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады Almaty.tv

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, қазіргі уақытта ел өңірлері мен шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды. Кеше күні бойы онлайн режимде өңірлердің жедел деректері негізінде ОСК қазақстандықтардың дауыс беруге қатысуының белгілі бір уақыттағы жағдайын хабарлап отырды. 9 брифинг өтіп, ақпарат шұғыл беріліп отырды.

Қ.Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы; 

Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42%;

Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6%:

Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53%;

Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22%;

Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12% дауыс берген;

«Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир