|
20.11.2022 | 12:53
2517

Барлығымыз азаматтық белсенділігімізді танытуымыз маңызды - Роза Рымбаева

№17 жалпы білім беретін мектеп-интернаттағы №387 сайлау учаскесінде Роза Рымбаева мен Әли Оқапов өздерінің дауыстарын берді

Барлығымыз азаматтық белсенділігімізді танытуымыз маңызды - Роза Рымбаева Almaty.tv.

№17 жалпы білім беретін мектеп-интернаттағы №387 сайлау учаскесінде Роза Рымбаева мен Әли Оқапов өздерінің дауыстарын берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін біз Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде №387 учаскеcіне ұлым Әлимен бірге дауыс бердік. Еліміздің ары қарай өркендеуі жолында барлығымыз азаматтық белсенділігімізді танытуымыз маңызды. Себебі ел болашағы — өз қолымызда», - дейді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Еске салайық, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир