|
20.11.2022 | 13:56
2665

Алматыда қазіргі уақытқа дейін сайлау учаскелеріне қатысты шағым тіркелмеген

Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты

Алматыда қазіргі уақытқа дейін сайлау учаскелеріне қатысты шағым тіркелмеген РСК

Алматыда сайлау учаскелеріне қатысты шағым түскен жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикердің сөзінше, барлық байқаушы аумақтық сайлау комиссиясымен байланыста, сайлаушылардың шағымдарын бақылауда. АСК–ға ресми түрде мегаполис тұрғындары тарапынан шағым түскен жоқ. Жанна Асанова әлеуметтік желідегі түрлі жарияланымдарға қатысты түсінік берді. Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны бүгін Қалқаман ықшамауданындағы №502 сайлау учаскесінде дауыс бергенін, бірақ оған дейін оның тізімде жоқ екені айтылғаны жөнінде жазба қалдырған. Оның айтуынша, жақында ол банктік қосымшадан учаскесінің қай жерде орналасқаны туралы хабарлама алған. Сол жерде алматылық азаматтан сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш қабылданып, бюллетень берілді. 

«Біз сайлаушылар тізімдері қалай құрылатынын және дауыс беру кезінде қайшылықтар қалай туындауы мүмкін екенін түсіндірдік. Жекелеген сайлаушылар дауыс беру күніне 20 күн қалғанда тұрғылықты жерін өзгертеді. Осы уақытта тізімдер қағазға басып шығарылады және сайлау учаскелеріне беріледі, осы кезеңде өзгерістер орын алуы мүмкін: адам 18 жасқа толуы мүмкін, азамат тіркеуін өзгерте алады», - деді Жанна Асанова. 

«Қағаз тізімдерінде» орын алған қателіктерге қарамастан, барлық сайлау учаскелерінде сайлаушыны электрондық деректер базасына енгізудің бірегей мүмкіндігі бар. 502-учаскеде дауыс берген алматылықтың жағдайында болғандай. Оның конституциялық құқығы сақталды. 

Сондай-ақ, Жанна Асанова № 369 учаскеде орын алған ақпаратқа түсініктеме берді, онда телеграм-арналардың бірінің авторының хабалауынша сайлау комиссиясының мүшелері сайлау комиссиясы өкілінің қолтаңбасынсыз бюллетеньдер берді. 

«Мен 20-1-бапты еске түсіргім келеді, онда бақылаушылардың барлық ескертулері құжатпен негізделуі керек. Бұзушылықтар тіркеліп, арыз-шағымдар түссе, біз тиісті түрде жауап береміз», - деді ол. 

Баспасөз іс-шарасы барысында Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асановаға сайлау учаскелерінде байқаушылардың қозғалысын шектеуге құқығы бар ма деген сұрақ қойылды.Журналистердің айтуынша, мұндай жағдайлар № 354, № 257, № 369, № 121 сайлау учаскелерінде орын алған. 

«Бақылау институты демократияның элементі болып табылады, сондықтан сайлау процесінің барлық қатысушылары әрбір сайлаушының құқығын жүзеге асыруға көмектесу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Іс жүзінде кейбір байқаушылар өздерін тексерушілер сияқты ұстай бастайды. Мұнда мінез-құлық нормалары үлкен рөл атқарады. Ал егер сайлау учаскесінің төрағасы байқаушының, журналистің немесе сайлаушының өзі сайлау процесіне кедергі келтіріп, жанжалды жағдайлар туғызып жатқанын көрсе, ол ескерту жасауға құқылы», - деп түсіндірді спикер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир