|
20.11.2022 | 14:10
694

Алматыда белгілі ақын Бақыт Беделхан дауыс берді

Ол еліміздің келелі кезеңге аяқ басқанын атап өтті

Алматыда белгілі ақын Бақыт Беделхан дауыс берді Almaty-akshamy.kz

ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан Алматының N531 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол еліміздің келелі кезеңге аяқ басқанын атап өтті.

«Бұл сайлаудан кейін жоба-жоспарымыз жүзеге асып, Қазақстан келелі кезеңге қадам басады деп ойлаймын. Қазақ деген ел алтын қазық бола алмасақ, ұлттық мүддені, ұлттық идеологияны алға шығармасақ, Қазақстан мемлекеті кімге керек? Бес саусақтай бүгіліп, жұдырықтай жұмылып, бірлік пен ынтымаққа жұмыс істеуіміз керек. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым», – деді ақын, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир