|
20.11.2022 | 15:05
857

Бойы ең ұзын ауыл тұрғыны көппен бірге дауыс берді

В. Вишняковтың бойы – 2 метр 20 см

Бойы ең ұзын ауыл тұрғыны көппен бірге дауыс берді

Абай облысы Көкпекті ауылының бойы ең ұзын тұрғыны Вячеслав Вишняков сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

В. Вишняковтың бойы – 2 метр 20 см.

«Бүгін өз сайлау құқығын пайдаланып, халықпен бірге №785 сайлау учаскесіне Көкпекті ауылының тұрғыны, аудандағы бойы ең ұзын адам – Вишняков Вячеслав та келіп, өз таңдауын жасады.

Вишняков Вячеслав – қарапайым еңбек адамы. Бүгінгі күні «Көкпекті» ШЖҚК моторист болып қызмет етеді. Үйленген, әйелі Айжанмен 1 ұл тәрбиелеп отыр», - делінген облыс әкімдігі ұсынған мәліметте.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир