|
20.11.2022 | 15:14
1954

Алматыда Асанәлі Әшімов дауыс берді

Ол Президент болуға лайықты санаған үміткерін таңдады

Алматыда Асанәлі Әшімов дауыс берді РСК

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов «Самал» шағынауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, өз үміткерін таңдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек. Ұлылардың айтуынша, мәдениетсіз, әдебиетсіз ел – ел емес деген. Сондықтан мен таңдаған кандидат осыған көп көңіл бөледі деп мен сенемін. Келешек үшін адал қызмет істейді деп ойлаймын», - деді Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир