|
20.11.2022 | 17:56
576

Сайлаудан кейін мүгедек жандардың өмірі жеңілдесе екен - Мүгедектер қоғамының төрағасы

Қаладағы дауыс беру орындарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабина қарастырылған

Сайлаудан кейін мүгедек жандардың өмірі жеңілдесе екен - Мүгедектер қоғамының төрағасы arasha.kz

Кембағал жандарға арналған арбаларды жөндеп, елдің алғысын алып жүрген Дәурен Алқанов №36-учаскеге барып, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол сайлауға қатысу әрбір азаматтың Конституциялық құқығы әрі міндеті деп санайды. Айта кетейік, қаладағы дауыс беру орындарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабина қарастырылған. 

"Жаңа бір дәуірге кіріп бара жатырмыз. Аман-есен, жақсы бір бағдарламалар жүзеге асса, сайлаудан кейін мүгедек адамдардың өмірі жақсарса, оларға бәрі қолжетімді болып, мүгедек жандардың өмірі жеңілдесе деп ойлаймын", - деді Мүгедектер қоғамының төрағасы Дәурен Алқанов. 
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир