|
20.11.2022 | 18:26
565

Мемлекет қайраткері Ақан Бижанов өз сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады

Мемлекет қайраткері Ақан Бижанов өз сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады Almaty.tv

Мемлекет қайраткері Ақан Бижанов өз сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қазір қазақстандықтардың саяси жауапкершілік танытатын кезі.

«Өте бір қуантатын жағдай, жастар балаларымен келіп жатыр. Тәрбиенің нәтижесі деп ойлауға болады. Екіншіден, алдыңғы қатарда ардагерлеріміз жастарға үлгі көрсетіп, бірінші келіп өздерінің дауысын беріп, белсенділігін көрсетіп жатыр», – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов.

Ал белгілі домбырашы Арман Жүдебаев №585 сайлау учаскесіне барып өз дауысын берді. Сондай-ақ өнер қайраткері сайлау аяқталған соң елде оң өзгерістер боларына кәміл сенеді.

«Мемлекетіміздің, Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін, балаларымның болашағы үшін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Әр дауыс маңызды. Мемлекетіміздің нығаюына, болашағы жарқын болуына біз бәріміз міндеттіміз және қарыздармыз деп ойлаймын», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир