|
18.02.2023 | 11:35
557

Партиялардың атауы сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады – ОСК

Рәсімге 7 партияның өкілдері қатысты

Партиялардың атауы сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады – ОСК inbusiness.kz

Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атауы сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын анықтау мақсатында жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған тіркелген 7 партияның өкілдері қатысты. Олар ортаға шығып, ішіне 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алды. Тиісінше, жабық конверттегі нөмірлер партияның бюлетенде нешінші болып орналасатынын айғақтайтын болады.

«Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атауы сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы – бірінші орында, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – екінші орында, Respublica партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші орында, «Ақ жол» партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі», – деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

Еске сала кетейік, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир