|
19.03.2023 | 12:11
1451

Роза Рымбаева: жолды жастарға беру керек

Роза Рымбаева: жолды жастарға беру керек Almaty.tv

Мен жастарға көбірек сенемін, өйткені олар бүгінгі өмір деңгейінде білім алып, тәрбиеленген. Жастар халқымыздың тұрмыс-тіршілігін биіктетіп, ел дамуына үлес қосса деймін. Бұл пікірмен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Депутат болғысы келетіндердің көп болғаны мені қатты таң қалдырды және бұл мені қуантты. Жолды жастарға беру керек деп ойлаймын. Болашақ  біздің жастарымыздың қолында. Алдағы уақытта күш - жігерін Қазақстанның өсіп, өркендеуіне еңбек етсе екен деген ниетпен дауыс беріп жатырмын. Мен жаңа үміткерді өмірге жаңа көзқараспен қарайтын, тілдерді білетін және жақсы білімі бар табысты адам ретінде көремін. Олардың өмірімізге өз үлесін қосатынына сенімдімін»,  деді Роза Рымбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир