|
27.03.2023 | 12:53
2355

ОСК Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті

ОСК Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады ult.kz

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні 42 адам құқық бұзғанын атап өтіп, барлығы жауапқа тартылғанын айтты.

«Олардың ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бап бойынша айыппұл салынды. Алайда осы әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтижесіне әсер етпеді және сайлау округіндегі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктегі сайлау нәтижесін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік берді», – деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.



Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:

1. Amanat партиясы – 40 мандат;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат;

3. Respublica партиясы – 6 мандат;

4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;

5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир