|
23.02.2023 | 14:52
1878

Қазақстанда Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы туралы жаңалық агрегаторы іске қосылды

Сайт үш тілде қолжетімді және барлық маңызды ақпараттық материалдар мен медианы бір жерде тоғыстырады

Қазақстанда Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы туралы жаңалық агрегаторы іске қосылды «Sailau news.kz»

Сайлау науқаны туралы жаңалықтар агрегаторы жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sailau news.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайлау науқаны туралы барлық ақпараттарды бір жерде топтастыратын Sailau News.kz жаңалықтар агрегаторы өз жұмысын бастап кетті.  

NIKA group кеңейтілген зерттеулер орталығы – консалтингтік қызметтер нарығында жұмыс істейтін аналитикалық-зерттеу компаниясы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттың алдағы сайлауға арналған Sailau news.kz жаңалықтар агрегаторын ұсынады.

Sailau news.kz сайты мен телеграм-каналы 2023 жылғы сайлау науқаны туралы барлық соңғы оқиғалардан хабардар болудың ыңғайлы құралы, қазақстандық онлайн БАҚ-тағы ең өзекті және маңызды жаңалықтарды, оқиғаларды, сараптамалық пікірлерді бір жерде біріктіретін алаң.  

Алдағы сайлауға қатысты күннің басты жаңалықтары оқырмандар арасында өзектілігі мен танымалдылығы негізінде қалыптасады.  

Сайт үш тілде қолжетімді және барлық маңызды ақпараттық материалдар мен медианы бір жерде тоғыстырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир