|
19.03.2023 | 18:21
1076

Елімізде 6 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді

Белсенділігі жоғары алғашқы үштік қатарында Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облысы бар

Елімізде 6 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді ru.sputnik.kz

"Елдегі саяси науқанның аяқталуына санаулы уақыт қалды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, ел бойынша азаматтардың  53,11 пайызы таңдауын жасаған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы арнайы брифингте айтты", - деп хабарлайды Almaty.tv

Кешкі сағат 18:00-де келіп түскен мәлімет бойынша, азаматтардың 53,11 пайызы бюллетень алды. Яғни, сайлаушылардың 6 миллионнан астамы  дауыс беріп үлгерген. ОСК-ның хабарлауынша, белсенділігі жоғары алғашқы үштік қатарында Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облысы бар.

«Республика бойынша 6 390 46 азамат бюллетень алды. Тізімге енген азаматтардың 53,11 пайызы құрайды», – деді ОСК-ның мүшесі Шавхат Өтемісов.

Бас прокуратураның ақпарынша, бүгінгі сайлау кезінде Алматы, Жетісу облысы мен СҚО-да 9 заң бұзылды. Аталған өңірлерде комиссия мүшелері басқа адамдар үшін дауыс берген жағдай анықтапты. Айта кетсек, дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир