Бостандық ауданында қала тұрғындары мен қонақтары 125 алма ағашын отырғызды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық ауданында барлығы 400 жасыл желек отырғызылды: 125 алма, 25 қарағай және 250 бұта, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көшеттер үш жерге егілді: Тұңғыш Президент саябағы, әл-Фараби-Садықов көшесі жағында, Абай даңғылының бөлу жолағы және Ғабдуллин көшесінің бойында.  

Іс-шараға еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, әлем чемпиондары, блогерлер, қазақстандық эстрада жұлдыздары, аудан белсенділері мен бастамашыл тұрғындарды қосқанда 780-ден астам адам қатысты.

Күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаева мұндай маңызды іс-шараға қатыспай, үйде жата алмағанын айтты.

- Бұл тұрғындар, табиғатты аялап, бағасын білетіндер үшін маңызды оқиға. Бүгін біз осындай игі істе бас біріктіріп, Алматыны одан сайын көркейтеміз!, - деді ол.

Акцияға қала тұрғыны, блогер және әнші Малика Есмұханбетова атсалысты.

- Қаламыздың одан да әдемі әрі жайқалтуға үлес қосқаныма қуаныштымын. Әр ағаш біз үшін, табиғат үшін маңызды. Бәріміз осылай жиналғанымызға қуаныштымын. Қазақстанымыз өркендей берсін!, - деді ол.

Қала тұрғындары үшін мерекелік көңіл-күйді қолдау мақсатында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Новости партнеров