|
19.03.2023 | 23:18
583

Азаматтық белсенділік айтарлықтай артты

Азаматтық белсенділік айтарлықтай артты Almaty.tv

«Бұл сайлау еліміз үшін жаңа серпін болмақ». Осылай деп сөз алған мәдениет қайраткері Байғали Мақұлбекұлының айтуынша, әрбір азамат сайлаудың маңызы мен құндылығын жіті түсінуі қажет.

«Сайлауға немқұрайлы қарауға болмайды. Ол – ертеңгі біздің болашағымыз. Қоғамда болып жатқан жетістіктер де, кемшіліктер де түзелуі тиіс. Ал жетістік болса, ары қарай жетілуі сайлауға байланысты. Үмітсіз өмір сүруге болмайды, сайлаудан халық үміттенеді», – деді  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев.

Ал отандық танымал дизайнер Аида Қауменова осы жылы сайлауға деген белсенділіктің артқанын байқаған. Оның айтуынша, дауыс беруге барған учаскеде ине шаншар орын болмапты.

«Адам адамға сенеді. Әр адам өз дауысын беруі керек. Ол – мемлекеттің болашағы», – деді дизайнер Аида Қауменова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир