«Өткінші жаңбыр» сериалында басты рөлді сомдаған Нұргүл Мыңғатова ұлды болды

09.04.2021 18:28

Актрисаны өнердегі әріптестері құттықтап жатыр

Фото: ашық дереккөзден алынды

«Алматы» телеарнасында көрсетілген «Өткінші жаңбыр» сериалында басты рөлді сомдаған Нұргүл Мыңғатова дүниеге ұл бала әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сүйінші хабарды Нұрғүл Мыңғатованың өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Өнер иесі өміріндегі бақытты сәтімен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.

«Аллаға шүкір. Жақсы жаңалығым. 08.04.2021. Ұлды болдық. Баршаңызға мың алғыс», – деп жазды актриса.


Н. Мыңғатованы елімізге танымал жұлдыздар Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова да құттықтаған.