Жас жұбайлар бақыттан бал-бұл жайнап, неке жүзігімен алмасты
Танымал актриса Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жігітке тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
“Міне, осылай. 13.06.2023 - отбасы құрған күніміз”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова.
Өнер иесі мен блогер Мағжан Тілеухан АХАЖ бөлімінде заңды түрде және мұсылманша неке қидырды. Жас жұбайлар бақыттан бал-бұл жайнап, неке жүзігімен алмасты.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, ақжарма тілектерін арнады.
“Бақытты болыңдар, “Құттықтаймыз! Алла бір жастықта, немере-шөбере арасында қартаюды жазсын”, “Бақыттарың баянды болсын, Әсел қыз”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Ақ орамал әдемі жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.