Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Республика сарайында "Алматы - жастардың қаласы" атты мерекелік концерт өтті. Кештің басты қонағы - Түркияның танымал әншісі Мустафа Сандал. Қазақ елін айтулы мерейтойымен құттықтаған өнерпазға қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың атынан арнайы алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!" - деді әнші.
Арнамызға берген арнайы сұхбатында әнші Республика жұртын елдің елеулі мерекесімен құттықтап, екі мемлекет арасындағы достықтың нығая беруін тіледі. Сондай-ақ, Алматыны армандар орындалатын әсем қалаға теңеп, қазақ тілін үйренуге құлшынысы артқанын да айтты.
19 желтоқсанда, сағат кешкі 21.00-де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған гала-концертті "Алматы" телеарнасының эфирінен тамашалай аласыздар!