Дима Биланның тобындағы Ернар тәлімгер дауысы бойынша бірінші (50%), дауыс беру бойынша екінші орында (39%) болды
Ресейдің "Голос" байқауында қазақстандық екі бірдей қатысушы Ернар Садырбаев (Әміре) пен Әлішер Кәрімов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күні кеше өмірден өткен Александр Градский тобындағы Әлішер дауыс беру бойынша екінші орынмен келесі кезеңге өтті. Әнші, жобадағы тәлімгер Леонид Агутин Әлішердің өнерін ерекше бағалады.
"Әлішер, этникалық, классикалық, басқа да ноталарды еркін алатыныңыз ғажап", - деді Агутин.
Ал Дима Биланның тобындағы Ернар тәлімгер дауысы бойынша бірінші (50%), дауыс беру бойынша екінші орында (39%) болды. Қорытындысында 89 пайызбен бірінші боп келесі кезеңге өтті. Ал басты қарсыласы тәжікстандық Ильхом Тагиров (тәлімгер 30%+ дауыс беру 40%) екінші орында.
"Голос" байқауының жартылай финалы алдағы аптада, 24 желтоқсанда өтеді.