Төреғали Төреәлі изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш күн қосып алды

22.06.2023 13:50

Ол 14 маусымда Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиға орнынан қашпақ болған

niva-kurtamysh.com, mail.kz

Әнші Төреғали Төреәлі қосымша тағы бірнеше күнге қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық әнші Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 613-бабы, 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін) бойынша қосымша жауапкершілікке тартылды.

«Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың (Төреғали Төреәлінің тегі – авт) есірткіге мас күйінде автокөлік жүргізгенін анықтады. Ол патруль полициясының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамады», - деп хабарлады соттан.

Нәтижесінде Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылады.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді.