America's Got Talent: Данэлия Төлешова финалға өтті

17.09.2020 в 14:16

America' s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті. Қазақстандық орындаушы АҚШ-та бір тәулік бойы жалғасқан дауыс беру кезінде көрермен фавориттері қатарында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас орындаушы көпшілік дауысына ие болып, нәтижесінде үздік үштікке ілікті. Енді бұл шоудың шешуші додасы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтетін болады. Ал, әлемге әйгілі America's Got Talent жобасының жеңімпазына бұйыратын басты сыйлық 1 миллион долларды құрайды. Еске сала кетсек, Төлешова бұл шоудың жартылай финалында ұлыбританиялық танымал әншінің композициясын орындап, көпті тәнті еткен еді.