Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде көш бастап тұр

24.09.2021 14:23

Әнші 5 294 812 дауыс жинаған

ашық дереккөз

«Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты.

Челлендж басталған күні қазақстандық әнші BTS тобының солисінен кейін орын алған, қазіргі уақытта 5 294 812 дауыспен бірінші орында тұр.