|
01.10.2020 | 09:29
5568

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны АҚШ-тың MTV USA телеарнасынан көрсетіледі

Димаш – MTV-да өз тілінде ән шырқаған тұңғыш қазақстандық әнші атанғалы отыр

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны АҚШ-тың MTV USA телеарнасынан көрсетіледі Zakon.kz

MTV USA телеарнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде шырқаған әнінің бейнебаяны көрсетіледі. Осылайша, Димаш – MTV-да өз тілінде ән шырқаған тұңғыш қазақстандық әнші атанғалы отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте, бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез келген ел тамашалай алады.

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз», – деп лебізін білдірді әнші.

Бейнебаянның бүгін яғни жұма күні Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында, ал Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүктелетіні белгілі болып отыр. Бұл – Америкада жұма күнгі прайм-тайм уақыт. Дәл осы уақытта MTV арнасын ең көп көрермен қарайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир