|
17.09.2021 | 09:33
3877

Иманбек GQ нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды

Бұл номинацияға Иманбекпен қатар Федор Федотов және Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болған

Иманбек GQ нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды

Қазақстандық диджей Иманбек GQ Russia журналы жыл сайын өткізетін премияда «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл номинацияға Иманбекпен қатар Федор Федотов және Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болған.

«Grammy сыйлығы, аудио-платформалардағы миллиардтаған тыңдалым, әлемдік музыкалық компаниялармен келісімшарт. Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегін өңдеп, танымал болған жас қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екеніне сенеміз», – деп жазды басылымы.

Instagram / imanbekmusic

Рэп орындаушы Feduk «Жыл музыканты», ресейлік театр және кино актері Иван Янковский – «Жыл актері», ал жазушы Дмитрий Глуховский – «Жыл авторы» атанды. Кәсіпкер және «Додо пицца» негізін қалаушы Федор Овчинников «Жыл кәсіпкері», актер және кинорежиссер Данила Козловский «Жыл режиссері» атанды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир