Абай Бегейдің келіні не үшін сүйінші сұрады

23.02.2024 14:53

Жас келін жүкті екенін тосын сый етіп, жарына айтқа

www.instagram.com/badinur_zhalgas/

Танымал әнші Абай Бегейдің келіні әлеуметтік желідегі парақшасында жарынан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас келін жүкті екенін тосын сый етіп, жарына айтқан.

"Біз енді үшеу боламыз. Аллаға шүкір. Көп күттірмей, осындай бақыт сыйлап жатқанына сансыз шүкір. Қуанышымызда шек жоқ. Отбасымызбен қатты қуанып, сіздерге жеткізуге асығып жүрген жаңалығымыз осы. Біз сені күтеміз, балапан" , – деп жазды ол.

Абай Бегейдің ұлы әке болатынын білгенде қуаныштан көзіне жас алды. Желі қолданушылары да екі жасқа бақыт тілеп, сәбидің ғұмырлы болуын тілеп жазды.