|
22.02.2021 | 09:53
1289

Белгілі журналист жұмыссыз қалған әншілерге ерекше ұсыныс айтты

Әншілер ән айтуды қойып кетсе, қандай мамандық иесі болар еді

Белгілі журналист жұмыссыз қалған әншілерге ерекше ұсыныс айтты Фото: ашық дереккөзден

Белгілі журналист жұмыссыз қалған әншілерге ерекше ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Той тоқтағалы біраз  әншілеріміз жұмыссыз қалды. Сәкен Майғазиев бастаған бірен-сараны шенді болып жатыр. Бірақ, бірден бәріне кресло қайда?

11 қаңтардан бастап, республика бойынша 9-11 сынып оқушылары мектепке оралды. Карантин ережесі бойынша оқушыларды шахмат тәртібі бойынша, ара қашықтықты сақтатып отырғызған.

Барлық сыныпты екіге бөлген. Бұрынғы мұғалімі бір жартысын оқытса, сол уақытта қалған бөлігіне екінші ұстаз беріп жүр.

Бәрібір, үлкен қалаларда мұғалім жетіспейді.

Өткен мамырда Қыдырәлі Болманов «Астана» телеарнасында «Қайда көмек керек болса, жанын шүберекке түйіп, көмектесетін – әншілер», – деп айтқан болатын.

Сондықтан осы жолы соларды шақырған дұрыс!

Шүберек тігуді қатыратын шеберді еңбекке жіберсе де, болар еді. Бірақ жүгіруді қатыратын Болманов дене шынықтырудан дес бермеуі мүмкін.

Өткен жылы Мәдина Садуақасова бес мың мемлекет барлығын айтты.

Ол дайын география мұғалімі болуға лайық.

Айқын қазақ тілінің жетік мамандарының өзінен қате табады. Еліміздің мықты филологтарынан қате тапқан әнші, қазақ тілінен балаларды сусындатары анық.

«Коронавирус жоқ!» – дейтін Нұрлан Еспанов таптырмас химик.

«Аспанға қарап, жұлдыз санайтын» Абай інімді астрономия, шет тіліне Сайлаубек, қазақ генінің жетігі Әлжаппар Әлқожаны биологияға жіберу керек.

«Қазақ жалқау. 42 500 теңгеге жүгіріп жүрген басқа ұлтты көргенім жоқ» – дейтін Мейрамбек еңбек пәніне барса, жақсы болар еді. Жалқау халықтың балаларын еңбекке баулығанға, не жетсін!

Математика пәніне бөліп жармай, лотерея өткізген ондаған әншіге бере салу керек.

Кейде айтқан жүлделері мен сұхбат бергендегі жалпы соммалары қисық параллель кетіп қалады.

Билеп түсіндірсе де, бірдеңе қылар?!

Содан соң,олар барған мектеп директорларына ескерткен жөн. «Жұлдыздар келіпті. Класс жарқырап кетті» – деп, ойлап жүре бермей, кешкі соңғы сабақтарда светті қосуды ұмытып кетпесін!

Осыны әншілерге жеткізіңіздер! Қыдырәлі шын ниетімен айтқан болса, осы жолы  тағы да аянбас!

Әзілдескен Алданазар Жайлыұлы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир