Ұят болады: әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваны қызу талқылады

15.03.2024 14:06

Ақтаулықтарға құрмет көрсетілді

іnstagram/rozarymbaeva

Танымал әнші Роза Рымбаева дауылға қарамастан Ақтауда ашық сахнада концерт берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inAktau.kz-ке сілтеме жасап.

Халық әртісі 14 наурызда 15-шағынауданда өнер көрсетеді деп жоспарланған болатын. Дегенмен бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының барлық тұрғынына секундына 20 метрге жететін дауыл соғатыны туралы ескерту таратты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан әнші концертін тоқтатпай, жиналған жұрт алдында өнер көрсетті.

- Концерт өткізгіміз келмеді, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтаулықтар бұрыннан төзімді адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт - ақтаулықтарға деген құрмет, - деді концерт ұйымдастырушылары әншінің сөзін жеткізді.

Басылым мәліметінше, Рымбаеваның концертіне "облыс орталығының 50-ге жуық тұрғыны" жиналған. Желі қолданушылар "Роза тәтемізден ұят болды" деп жазды.

Оқи отырыңыз: Гонорары 10 млн теңге: Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаева павлодарлықтар алдында ән салады