Нұрлан Сабыров пен Азамат Мұсағалиев қазақстандық түлектерге үндеу жасады

02.06.2020 в 15:27

Видео қазақстандық әртіс, бұрынғы КВН ойыншысы Данияр Жұмаділовтің парақшасында жарияланды

Кадр из видео

Қазақстандық әзілкештер Нұрлан Сабыров пен Азамат Мұсағалиев және басқа да әртістер қазақстандық түлектерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Менің есімім – Нұрлан Сабыров. Қазақстан Республикасының барлық түлегіне үндеу жасаймын, барлығыңды құттықтаймын. Бірінші кезекте сендерге жаным да ашиды, мектеппен қоштасу сендер жоспарлағандай болмайды. Бірақ алдағы уақытта барлығы ойдағыдай, жоспарлағандай болсын. Барлық армандарың орындалсын. Ақ жол тілеймін. Өздеріне ұнайтын, жандарына жақын жолды таңдаңыздар. Сондықтан армандарынды орындау үшін мақсат қойыңдар. Ал енді досым Даниярдың сыйлығын қабыл алыңыздар», – деді Сабыров видеода.

Видео қазақстандық әртіс, бұрынғы КВН ойыншысы Данияр Жұмаділовтің парақшасында жарияланды.