|
06.12.2020 | 11:01
9848

Димаштың жаңа әні жарыққа шықты

Әннің сөзін Игорь Крутоймен бірге композитордың досы Игорь Николаев жазып шыққан

Димаштың жаңа әні жарыққа шықты Фото: ашық дереккөзден

Ресейлік танымал композитор Игорь Крутойдың Димаш Құдайбергенге арнап жазған әні шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жазды.

Әннің аты – «Мен сені сағынып жүрмін» (Я скучаю по тебе). Әннің сөзін Игорь Крутоймен бірге композитордың досы Игорь Николаев жазып шыққан.

Бұған дейін, Игорь Крутой Димашқа ән жазып жатқаны туралы хабарлаған болатын. 

Әннің аты – «Мен сені сағынып жүрмін» (Я скучаю по тебе). Әннің сөзін Игорь Крутоймен бірге композитордың досы Игорь Николаев жазып шыққан. 

«Игорьмен бірге бірлескен туындыны шығармағалы біраз уақыт болып қалды. Бірақ қазір тағы да шығармашылық қоңыраулар, түзетулер, уайым мен естегі ескі күндердің жаңғырығы... Димашпен де сол шаруа – дауыс ырғағын анықтау жұмыстары. Елдегі ең танымал (біздің елдегі ғана емес) дауыс иесі Димашты күту... Осы әннің тағдыры жарқын, ал оған сүйенген махаббат иелері бақытты болар деген сенімдемін»,– деп жазады Игорь Крутой.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир