|
29.09.2021 | 10:46
5041

Димаш шығармашылық мансабын Қытайда жалғастыратынын мәлімдеді

Әнші әлемнің бүкіл еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық бағдарламаларға қатысатынын айтты

Димаш шығармашылық мансабын Қытайда жалғастыратынын мәлімдеді  ашық дереккөз

Араға ұзақ уақыт салып, Димаш қайтадан Қытай сахнасына оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Достар, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін 2 жылдан кейін Қытайға оралғанымды хабарлағым келеді. Бұл кездесуді дүниежүзілік карантинге байланысты 2 жыл күтуге тура келді. Бір айға жуық уақыт оқшаулауда болдым, осы уақыт ішінде өз командаммен бірге Қытайда іске асыратын көптеген жоспар дайындадым», – деп жазды Д.Құдайбергенов.

Әнші карантинге байланысты шектеулер болмаса әлемнің бүкіл еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық бағдарламаларға қатысатынын айтты.

«Иә, әлемдегі карантин шектеулері менің жоспарларыма әсер етті. Бірақ осы сәттен бастап сіздерді шығармашылығыммен одан да көбірек қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін», – деді әнші.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Қытай
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир