Иманбек Зейкеновтің Roses әніне жасаған ремиксі Billboard-та топ жарды

05.12.2020 16:05

Billboard нұсқасы бойынша жылдың үздік би композициясы атанды

Tengrinews

Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) SAINt JHN орындайтын Roses әніне жазған ремиксі Billboard нұсқасы бойынша жылдың үздік би композициясы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, Roses әнін 2016 жылы америкалық әртіс SAINt JHN жазған, бұл оның дебют альбомындағы композиция. Иманбек Зейкенов ремиксті 3 жылдан кейін жасаған. Бастапқыда ол түпнұсқа авторының қатысуынсыз шыққан, бірақ композиция көптеген елде үздік әндердің қатарынан көріне бастағанда оған ресми мәртебе берілді.

Айта кетейік, Imanbek ремиксі "Грэмми" сыйлығына ұсынылды.