Маған осындай жігіт керек: Қуандық Рахым мен Ақбота-Нұр Абайқызы жұрттың назарын аударды

30.05.2024 16:01

Желіде оқырмандар пікір жазды

instagram.com/akbotanur

Әлеуметтік желіде әнші Қуандық Рахым мен Ақбота-Нұр Абайқызының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі smartnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Видеоны әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. 

"Әріптестеріме еркелеп...", – деген жазба қалдырды. 

Бұл желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандар әншіге ақ тілегін арнап, түрлі пікір жазған. 

"Ақбота сондай сұлу, осындай сұлу аруды бағалай алмаған күйеуіне таңғаламын!", "Осындай жігіт керек екен Боташаға", "Бағалайтын адамға қосылуына тілектеспін... Сұлусың, таланттысың",  «Не деген сұлулық» деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз: Қалай жас көрінуге болады: мінсіз мүсін иесі өз сырын айтты (фото)